Әкімшілік » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарымсақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасы
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"Қарымсақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72840) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шебер-класс алаңында
06
декабрь
2023
Шебер-класс алаңында
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ « Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырумен «табысты басшы» жобасын іске асыру мақсатында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткен белсенді топ шебер-класс алаңында Қарымсақ орта мектебі директорының  оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А. Акимкожанов аудандағы әріптестерімен бірлесе отырып «Білімдегі олқылықтармен жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе таратты.
Ата-аналармен жиналыс
24
ноябрь
2023
Ата-аналармен жиналыс
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитова "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізді. 
"Ұлағат" әкелер клубы
17
ноябрь
2023
"Ұлағат" әкелер клубы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитованың ұйымдастыруымен "Ұлағат" әкелер клубы мүшелерінің кезекті кездесуі өтті.   
2024 жылғы ҰБТ форматының ерекшеліктері мен жаңалықтары
14
ноябрь
2023
2024 жылғы ҰБТ форматының ерекшеліктері мен жаңалықтары
Мектеп директоры Балгимбаева Галия 11-сынып оқушылары және ата-аналарымен 2024 жылғы ҰБТ форматының ерекшеліктері мен жаңалықтарын таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тамақтандыруды бақылау
06
ноябрь
2023
Тамақтандыруды бақылау
Жетісу облысы ,  Кербұлақ ауданы ,   Қарымсақ   орта мекте бінде  2023-2024 оқу  жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан  20  оқушы  және бастауыш сынып оқушылары нан 20 оқушы  қоғамдық тамақпен қамтылды.  Тамақтың ас мәзіріне сай берілуін ДТІЖО Л.Нуржигитова, әлеуметтік педагог Ж.Шерниязова , мектеп медбикесі А.Нуримова және қамқоршылық кеңес мүшелері қадағалайды.  Оқушылар екі ауысымда тамақтанады. Сынып жетекшілер оқушылардың  буфетке  уақытында баруын қамтамасыз етеді
Баймолдаев білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғау
27
октябрь
2023
Баймолдаев білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғау
ДТІЖО Л. Нуржигитова мен АӘТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы Е. Баймолдаев білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдерді пысықтау бойынша мектеп қызметкерлері мен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіп, эвакуациялау жаттығуы өткізілді.  
" Асыл ана" аналар клубының кезекті отырысы өтті.
19
октябрь
2023
" Асыл ана" аналар клубының кезекті отырысы өтті.
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарымсақ ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитованың ұйымдастыруымен " Асыл ана" аналар клубының кезекті отырысы өтті.  
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары"
08
сентябрь
2023
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру
Қарымсақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Нуржигитова "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары" тақырыбында сынып жетекшілермен түсіндірме жұмысын жүргізді.
11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық, мамандық таңдау
06
сентябрь
2023
11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық, мамандық таңдау
Мектеп директоры Г. Балгимбаева 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық, мамандық таңдау тақырыбында еркін сұхбат жүргізді.
Мектеп директоры Г. Балгимбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісті
04
май
2023
Мектеп директоры Г. Балгимбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісті
Аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Білім беру мекемелерінде өзекті мәселені шешуге жетелейтін тиімді жобалар" тақырыбында өткен жоба қорғау алаңында мектеп директоры Г. Балгимбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.