Талдау 2021-2022 оқу жылы » Жетісу облысы Kerbulak district Қарымсақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасы
Kerbulak district бойынша білім бөлімі"
"Қарымсақ орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72840) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72840) 43-50-93
Version for
visually impaired
05
July
2022

Талдау 2021-2022 оқу жылы

« Қарымсақ орта мектебі» КММ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының 2021-2022 оқу жылында атқарылған
жұмыстарының талдауы
Мектептегі оқу үрдісі тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысының жоспары Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып жасалынды.
Мектептегі тәрбие жұмысының проблемалық тақырыбы:
Bestсіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие Тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып, рухани-азаматтық тәрбие құндылықтарын игерген жан-жақты дамыған құзіретті тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты,тұлғаның саяси,құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін,балалар мен жастардың құқықтық санасын,оларда балалар мен жастар арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Міндеттері: Оқушылардың тәрбие жүйесінде құқықтық- нормативтік базасын жетілдіру; қазіргі әлеуметтік- мәдени жағдайды және тәрбиелеу мен оқытудың жаңа құндылықтарын ескере отырып, білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің жаңа моделін жасау;оқушы жастар мен балалардың ұлттар мен ұлыстар арасында жоғары деңгейде қарым-қатынас жасау мәдениетін көтеру;балалар арасындағы қаңғыбастық пен бақылаусыздық әрекеттерінің алдына-алу жүйесін жетілдіру әрі оқушылар бойындағы жағымсыз әрекеттерге қарсы тұру қаблеттерін арттыру; оқушылардың арасында діни экстремизмге шалдығудың алдын алу шараларының тұтас жүйесін жетілдіру;тәрбиесі өте қиын оқушыларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;Тәрбие жұмысына ата-аналардың қатысуына қолдау жасау мақсатында педагогикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесін дамытуды қалыптастыру
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында нормативтік құқықтық құжаттары негізге алынды:
1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІV Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізіліп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы басшылыққа алынып жұмыс жүргізілуде.
2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлары назарға алынып іс шаралар тәрбие жоспарына еңгізілінді.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл; Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
- Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің- туғанына – 180 жыл;
-Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
- Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл; -Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Ә3лихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
-23 Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері ----Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
- Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
-Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпы 8 бағытын (Жаңа Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты) қамтыды. 1-11 сыныптардағы тәрбие жоспарлары тәрбие тұжырымдамасына негізделіп, №130 бұйрыққа сәйкес жасалынып 20 қыркүйек күні № 472 бұйрықпен өзгерістер енгізілінді. Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен іске асады. Нәтижесінде, сынып жетекшілер білім алушылармен, ата-аналармен жұмыс жүргізді. Оқу жылының басында мектепте «Құқықтық кеңес», «Ұлдар және қыздар кеңесі», «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» еріктілер тобы, «Алаш» дебат клубы, жылдық жоспарлары құрылып, бекітілді. «Өзін-өзі басқару» , «Дебат», «Оқуға құштар мектеп» жобалары қолға алынып жүргізілді. Сабақ үрдісінде және каникул кезінде жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында сынып жетекшілер ата-аналар және білім алушылармен түсіндіру , инструктаж жұмыстарын жүргізіп ережелермен таныстырып жүргізді. Жалпымектептік ата-аналар жиналысында «Оқушылардың өмірінің қауіпсіздігін сақтау және олардың жарақат алуының алдын алу туралы» мектеп директорының бұйрығымен ата-аналар таныстырылды, мектеп пен ата-ана арасында әрқайсысының міндеттері мен талаптары көрсетілген келісім шарт (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес) жасалды. Оқу жылының басында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, мектеп бойынша төмендегідей әлеуметтік санаты бойынша 1-11 сынып оқушылары туралы сандық мәлімет алынып, мектеп бойынша әлеуметтік паспорт жасалынды.
р/с Әлеуметтік санаты Білім алушы саны пайыз
Барлық оқушылар 103 100
Отбасы түрі бойынша 0
1 Толық отбасылар 0
2 Толық емес отбасылар 5
3 Анасы жоқ балалар 1
4. Әкесі жоқ балалар 11
5. Көп балалы отбасы 18/43
6. Аз қамтамасыз етілген отбасы 0
7. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 0
8. Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар 2
9. Азаматтығы жоқ білім алушылар 0
10. Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар 0
11. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар 0
12. Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар 0
13 Өгей әкелерімен (аналарымен )тұрғандар 0
14 Ата-анасымен тұрғандар 8
Ата-аналарының білімі: 0
1. Жоғары, жоғары білімнен кейінгі 0
2. Техникалық және кәсіптік 0
3. Орта 0

Қазіргі заманымызда үлкен қоғам дерті болып саналатын мәселенің бірі-жемқорлық. Жемқорлық-мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке орай ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалардың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Мектепте 5-11 сынып білім алушылары арасында «Адал Ұрпақ!» ерікті мектеп клубы құрылған.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы және оның алдын алу бойынша іс-шара жоспары құрылып, бекітілген. Ауылымызда мешітке діни дәріске баратын білім алушылар жоқ. Мектеп бойынша 9 бейнебақылау камералары бар, оның 4 мектептің сыртында, 5 мектептің ішінде орналасқан. 1 бейнебақылау қысқа мерзімді шағын орталығында орналасқан,жұмыс жасап тұр. Ал 8 камералар жұмыс жасап тұр. Жалпы діни экстремизм және оның алдын алу жұмыстары мектеп бойынша жоспарланған. Қазіргі уақыттағы халық арасында тарап кеткен әр түрлі діни ағымдар, арнайы діни білімдері жоқ, негізгі ақпарат көздері ғаламторда тараған уағыз, насихаттар. Құқық пәнінің мұғалімі С.Далабаев терроризм, экстремизм тақырыптарында жұмыс жүргізеді. Сондықтан бұл тақырып күн тәртібінен түспей, үнемі назарда ұстап отырамыз.
Мектеп білім алушыларының арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін оқу жылының басында мектепте «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бұйрығы және «Құқықтық кеңес» құрылып, жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Құрамында 7 адам бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде құқықбұзушулықтың алдын алудың кешенді жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасында Almaty region бойынша 2020-2022 жылдарға арналған, Almaty region бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтар профилактикасы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарларын негізге алынып жұмыс жүргізіледі. Мектепте ата-анасы қалада жұмыс жасап, балалары ата-апасының, қолында тұрып оқитын оқушылар жоқ, өгей әкелерімен бірге тұратын отбасы жоқ. Балалардың бос уақытын дұрыс пайдалану мақсатында мектепте үйірмелерге қатысуы жүз пайыз қамтылған. Олар: «Тоғыз құмалақ», «Волейбол», «Футбол», «Үстел теннисі», «Шашки». Сонымен қатар мектепішілік өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысуы үнемі бақылауда Қорыта айтқанда, тәрбие саласында атқарылып жатқан жұмыстар мақсат пен міндетке жетуде, нәтижеге бағыттау арқылы іске асыру керек.
Қорытынды: Жоспар бойынша барлық шаралар жүйелі түрде, жақсы деңгейде өткізілді.
Ұсыныс: Оқушылардың құқық саласындағы білімдерін арттыру
Жаңа Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты.
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
«Almaty region білім басқармасының Kerbulak district бойынша білім бөлімі» ММ, Almaty regionның білім басқармасының 2021 жылғы 25 тамызындағы № 42-42/2284 хатына сәйкес, Казақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс- шарасын дәстүрлі форматта өткізілді . Мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді. «Кел , балалар оқылық!» салтанатты жиын сап түзеумен басталды. Барлық 1 сынып оқушылары ортаға шақырылды. Қазақстан Республикасының Гимні шырқалды. Құттықтау сөзі мектеп директоры Балгимбаева Галия Ысққызына берілді. 1-ші сынып оқушыларына салтанатты түрде «Әліппе табысталды» .Сынып жетекшісі және ата-аналар тарапынан тілектер айтылды. 1-сынып оқушылары тарапынан мерекелік әдеби монтаж ұсынылды. 2-11 сыныптар бойынша 1 қыркүйекте «Білім күніне» арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 2-11 сыныптарында білім сабақтары өткізілді.
Оқу жылының басталуы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім күні» іс шараның маңыздылығы ескеріліп, ұйымдастырылуы тиісті денгейді өтті, барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптары сақталды.
https://ww.instagram.com
/p/ CTRcoAeo7uS/?igshid=
YmMyMTF2M2Y= Инстаграм желісіне жарияланды.
2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Өзін – өзі басқару» ұйымының мүшелері сайланып және міндеттерін бөлініп, жоба жоспары құрылды. «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентігіне сайлау ұйымдастырылды. Сайлауға үміткер қатысты. Олар: Пешен Ултуар, Ысқақ Әлібек 8 сынып, Жолтай Мәншүк 9 сынып, Кенжебек Аяна, Пашен Ерлан 10 сынптан .
https://www.instagram.com/p/CT6CLgxIhHU/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Сайлау мектебіміздің мәжіліс залында өтті, сайлау қорытындысы бойынша Пашен Ултуар 36 лүпіл жинақтап ұйым президенті аталды. Мақсаты: Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру.
«Өзін-өзі басқару» ұйымына президенттігіне сайлау 6-30 қыркүйек аралығында өтті. Иснтаграм, фейсбук желілеріне салынды. Сайлау қорытындысы Пашен Ултуар 8 сынып оқушысы ұйым президенті болып сайланды. Сайлау қорытындысы – Өзін-өзі басқару» ұйымына парламенттері тағайындалды. Жоспармен таныстырып, міндеттері бөлінді.
Жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымын құрылып жұмыс жоспарға сай өткізіліп жатыр.
https://www.instagram.com/p/CdLLr2CKKuw/?igshid=MDJmNzVkMjY=

«Адал ұрпақ» клуб жұмысын ұйымдастыру.
«Жас полиция» ұйымының жұмыстарын ұйымдастыру.
«Электр тоғы қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Электр тоғы қауіпсіздігі» тәрбие сағатын 3 сынып жетекшісі Ж.Болаттың ұйымдастыруымен өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CUG1L80q_Lb/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Мақсаты:оқушыларға бағдаршам туралы ақпарат беру,оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау туралы үйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Оқушылар тақпақтар арқылы ережелерді сақтау керектігін түсінгендерін жеткізді.Оқушылар сабақта белсенділік танытты. «Бағдаршам біздің досымыз!» тақырыбында тәрбие сағатын 1сынып жетекшісі А. Сейтказинова өткізді.
Мақсаты: Оқушылар жолда жүру ережелер туралы мәлімет беру.
«Жол атасы –бағдаршам» тақырыбында 2 сынып жетекшісі Лайла Аймақ тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін сақтауға,жауапкершілік сезімін дамыту.Баланы зейінді ,епті болуға тәрбиелеу.Сабақта қолданған көрнекілігі: Бағдаршам,жол белгілері,жол қауіпсіздігі туралы суреттер болды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты,ребустар шешті. Мұғалім жұмбақтар жасырды,өлеңдер оқыды.Сабақ өте қызықты өтті. Жоғары деңгейде. Соңында белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен марапатталды. 5-8 сынып оқушыларымен « Жолда жүру ережелері» «Бөгде адамдармен танысу» тақырыптарында оқушылармен әңгіме жүргізіліп отырады, жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және де бөгде адамдармен танысып, көліктеріне шақырса бармау, таныспау керектігін айтып түсіндіріп отырамыз.
«Тұңғыш президент» тақырыбында апталық өтті. Іс шаралар уақыты жақсы денгейде ұйымдастырылды. 1 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -30 жыл»Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсаттында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты тақырыбында 5-6 сынып жетекшілері А.Кумарбаева мен Е.Саяхаттың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
«Елім менің» атты патриоттық ән байқауы өткізілді, Музыка пәнінің мұғалімі Е.Саяхат пен АӘД пәнінің мұғалімі Е . Баймолдаевтың ұйымдастыруымен өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитова, ұстаз-ұйымдастырушы Д. Серік, 9-сынып жетекшісі Ж. Шерниязованың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!" атты кеш өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CUCkfpSK6vZ/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CUCjTrGK8RU/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/tv/CXu0b5UKktn/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/tv/CXyDjjaKPNl/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мақсаты:Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,ой-өрісін,санасын ояту,кіндік кескен жерін,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Жоспар бойынша 1 қыркүйек күні «Кел, балалар оқылық !» атты тақырыбында ТІЖО Л.Нуржигитова, ұстаз –ұйымдастырушы Д.Серік, 1-11 сынып жетекшілері және сынып старосталары ұйымдастыруымен лездемеде ашылу салтанаты өтті. Лездемеде оқушылар ара-кашықтықты сақтады. 2-4 сыныптарда алғашқы сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жетістіктері » атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отансуйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру. 5-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
Мақсаты:Еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру.Казақстан Республикасының Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктермен таныстыру. Барлық сынып жетекшілер үлкен дайындықпен сынып сағаттарын өткізді, жоғары деңгейде өтті.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.Нуржигитова. тарих, құқық пәнінің мұғалімі С.Далабаева, мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Шерниязовамен бірлесе отырып Дүниежүзілік балалар күнін орай «Бала құқығы-адам құқығы» айлығының жоспары құрылып, бекітілді. Оқушыларды патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 17.01-14.02 ақпан аралығында 2-11 сыныптарда Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру Құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екенің түсіндіріп құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу,өз ойларын еркін айтуға үйрету «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» тақырыбында 5-11сынып оқушыларына құқық апталығының ашылуы өтті. Ашылу салтанатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитова сөз алып мектепте тәртіп сақтау керек, сондай ақ кешкі сағат 20.00 де бала үйде болу керектігі айтылды. «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында А.Амреева 9 сыныппен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Schoolchildren құқық туралы білімдерін толықтау.
«Бала құқықтары туралы конвенция» 2 - 4 сыныптар арасында таныстыру сабағы өтті. «Құқық- Әділет пен Парасат» тәрбие сағаты 6 сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Кумарбаева ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: оқушылардың білімдерін арттыру ,тәртіпке тәрбиелеу .Сабақ қызықты өтті. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырмалар берілді. Сондай-ақ ситуациялық жағдайлар бойынша берілген сұрақтарға оқушылар жауап берді.Тәрбие сағаты талапқа сай өтті. «Бала құқықтары» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. ТІЖО Л.Нуржигитова, құқық пәнінің мүғалімі С.Далабаев, Әлеуметтік педагог Ж. Шерниязова ұйымдастырып жүргізді. Мақсаты:Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Қолданған көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалар. Jқушыларға слайд арқылы тапсырмалары бойынша сұрақ қояды, оқушылар оған жауап берді.Ойлан тап ойыны жұргізілді. Оқушылар белсенді қатысты. Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамда дамыту әрқайсымыздың құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызға құқықытық сана мен жігерді шындауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр деп сабақты қорытты мұғалімі 2-11 сынып арасында ТІЖО Л.Нуржигитова лездемеде Құқық айлығын кортындылады. Белсене қатысқан сыныптарды марапаттады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитованың ұйымдастыруымен 5-сынып жетекшісі Саяхат Ережептің өткізілген “Өз құқығыңды білесіңба ?” атты танымдық сабағы.
ДТІЖО Л. Нуржигитова, мектеп әлеуметтік педагогі Ж. Шерниязованың ұйымдастыруымен Кербұлақ АПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ЮПТ-нің аға инспекторы, полиция Mayоры А. Жексенбаева 9-11-сынып оқушыларымен «Жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы кездесу өткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Нуржигитованың ұйымдастыруымен 8-11- сынып оқушыларымен Әлемдік Діндер. Тарих және заман. тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға тарих пәнінің мұғалімі С. Далабаев, педагог-психолог З. Хаджиева, ауылдық мешіттің имамы Ә. Рәзбек қатысты
https://www.instagram.com/p/CelPTSsqTWw/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CZg8RgYq4mD/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CZg8RgYq4mD/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CaR155QqKC5/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Мектепішілік жоспардың негізінде «Отан қорғаушылар» және «Ұлы Жеңіске -77 жылдығына» орай келесі іс-шаралар жүргізілді.
03.05- 06.05 аралығында 1-11 сыныптарға «Ұлы Жеңіске-77 жыл» тақырыбында сынып сағаттар өтті. 04.05 күні сурет көрмесі ұйымдастырылды. 05.05.022ж мектеп кітапханашы «Елін қорғаған ерлер» тақырыбында кітапханалық көрме және Талғат Бегильдиновқа бұрыш ұйымдастырылды.
08.05.күні мектепішілік «Ұлы Жеңіске-75 жыл» және «Ешкім де ұмытылMayды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» тақырыбында гүл шоғын қою рәсімі өтті.
https://www.instagram.com/p/CdLLr2CKKuw/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қорытынды: Жоспар бойынша барлық шаралар жүйелі түрде, жақсы деңгейде өткізілді.
Ұсыныс: Келесі оқу жылында аудандық, облыстық әскери-патриоттық сайыстарға белсенді қатынасу арқылы, нәтижеге жету.
Рухани-адамгершілік бағыт.
Мақсаты: Рухани ойлау дәрежесі биік, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Жасөспірімдер мен білім алушылардың өзіндік санасын дамытуға, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыра отырып, рухани-адамгершілік құндылықтары мен әдептерге тәрбиелеу мақсатында бірқатар іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.Ұстаздарға сый-құрмет қалыптастыру мақсатында «Ұстаздарға мың алғыс!» ұстаздар күніне концерттік іс шара өткізілді. 11 сынып бітірушілері мектеп ұжымын құттықтап, гүлдерін ұсынды.Сондай-ақ, «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының ұйымдастыруымен онлайн түрін мұғалімге арналған құттықтау хаттар, тілектер, өлең шумақтары ватсап арқылы ұсынылды.
«Ақылды волентерлік» еріктілер тарапынан 1-қазан күніне Қарттар күніне орай «Аман-сау жүрші, менің ата-әжем» тақырыбында құттықтаулар шеруі ұйымдастырылып өткізілді. Топ мүшелері ауылымыздың ата, әжелерімізге барып құттықтауларын айтып, қолдан жасалған сыйлықтароын табыс етіп қайтты.
https://www.instagram.com/p/CUq4a8zoROl/?igshid=MDJmNzVkMjY=

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде жоспар құрылып ,бекітілді. Жоспарға сай 1- жарты жылдығында 1-11 сыныптар бойынша оқу сауаттылығын арттыру мақсатында күнделікті «Оқуға құштар» мектеп ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Мадина Мүсірәліның ұйымдастыруымен 1-11 сыныптарға көркем әдебиеттер тізімін сыныптарға таратып соңында жетекшілер тест қабылдып білімдерін анықтау жұмыстарын ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/p/CZGr_Z0K0KP/?igshid=MDJmNzVkMjY=

2- жарты жылдықта сабақ кестесінің өзгеруіне байланысты оқуға құштар мектеп уақыты ауыстырылды. 2- сабақтан кейін 5-11 сыныптар , 3- сабақтан кейін 1-4 сыныптар қатысады. Мектеп кітапханасы жанында буккроснг жұмыстары ай сайын ұйымдастырылады. Оқушылар керекті әдебиеттерін алып оқиды. Белсенді сыныптар грамотамен марапатталды. Сонымен қатар отбасымен бірігіп кітап оқы атты акция жүргізілді. Бұл акцияда оқушылар отбасымен бірігіп әдеби кітаптар оқып, мазмұның айтып отырады.
https://www.instagram.com/tv/CZ85aZHKdmU/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Оқушылардың Рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылы 2-9 сыныптарда Ы.Алтынсариннің туғанына -180 жылдығына орай «Адамзаттың – ұлы ұстазы» атты тақырыпта 2 сынып жетекшісі Лайла Аймақ, 9сынып жетекшісі Ж. Шерниязованың ұйымдастыруымен сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен,шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Ұлы ағартушы –педагог Ы.Алтынсаринің 180 жылдық мерейтойы құтты болсын. Білімді ұрпамығымыз көп болсын,аспанымыз ашық заманымыз тыныш болсын! деп тілегімен бөлісті.
https://www.instagram.com/tv/CWZ2psbq18r/?igshid=MDJmNzVkMjY=

«Әліппемен қоштасу» сынып кештері өтті. Бірінші сынып жетекшісі Сейтказинова Алия Сталханқызы ұйымдастырды. https://www.instagram.com/p/CYF2xHfKSgx/?igshid=MDJmNzVkMjY=
«Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл» 8- сыныптар арасында әдеби кеш қазақ тілі пәнінің мұғалімі С. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
«А.Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл» тақырыбында 2-11 сыныптар бойынша сынып сағаттар ұйымдастырылды. .Истаргам желіге материалдар жіберілді. «Дина Нұрпейісованың туғанына -160 жыл «Дина Нурпеисованың өмір жолы» тақырыбында музыка пәнінің мұғалімі Е,Саяхаттың ұйымдастыруымен іс шара өткізді. Қазақ поэзиясының символы М.Мақатаевқа арналған оқулары өтті. Белсенді сыныптар грамотамен марапатталды. «Қазақ поэзиясының символы М.Мақатаев» әдеби кеш қазақ тілі пәнінің мұғалімі М,Хамзаинова ұйымдастырды.
Ж.Жабаевтың туғанына -175 жыл. Жыр алыбы Жамбыл» ақының
https://www.instagram.com/p/CZPF-pILfmx/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/p/CaR2OVQKavP/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Халықаралақ әйелдер күніне арналған 8- наурыз «Қыздар, қыздар сұлу қыздар.» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Мектеп ұстаздары, Ұстаз -аналарға арналған концерттік бағдарлама 8-10 сыныптар ұлдары арасында ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/tv/CavxNfCK4hw/?igshid=MDJmNzVkMjY=

«Біз бақытты балдырғандар!» 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған бағдарлама ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаға дарынды оқушылар Талғатұлы Алмаз 4 сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан Адамова Марха 1 сынып оқушысы аудан әкімі тарапынан марапатталды. Мектепте әлеуметтік педагог Ж.Шерниязова, Бастауыш сынып мұғалімдері А.Сейтказинова, Л.Аймақ, С. Кучукова, орта буын сыныптарының сынып жетекшілері А.Кумарбаева мен Г.Қуастың ұйымдастыруымен мектеп дәлізі безендіріліп, түрлі гүлдер мен шарлармен көмкерілді.
https://www.instagram.com/tv/CeTK60ZKEjV/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қыздармен, ұлдармен жұмыс жоспарға сай жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/CT2BEI-MNi7/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Ұлтттық тәрбие бағыты. ҚР-ның «Тіл Туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп кітапханасында қазақ және Қазақстан Республикасындағы басқа да тілдердегі әдебиетпен қамтамасыз ету жұмыстары үнемі жүргізіледі. Пән сабақтарында, тәрбие және сынып сағаттарында мемлекеттік тілге құрметті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, ҚР «Тіл туралы» заңының орындалуына байланысты барлық ресми құжаттар қазақ тілінде жүргізілуі үнемі назарда ұсталады және де «Тіл тірлігіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында тілдер он күндігі жоспары құрылып, бекітілді, өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі ұстаздары мен 2-11 сынып білім алушылары ат салысты. Қазақ тілі мұғалімі.7 «а» сынып жетекшісі Н.Жолтай «Ана тілінің білгірлері» атты сайыс сабағын 5-11 сыныптар арасында өткізді. «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты ашық сынып сағатын 7 «ә» жетекшісі Д.Серік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты:Тіл туралы тақырыпты ала отырып,сауатты сөйлеуге,қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру,тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Интеллектуальная ойын «Лидер 21 века» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. 9- 11 сынып арасында. А.Құрманғалидың ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі Қазақстанның болашағы үшін»атты шығарма жазылды. Ж.Болаттың ұйымдастыруымен сабақтан тыс «Мемлекеттік тіл –Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты ашық тәрбие сағатын 3 сыныбымен сабақ көрсетті. «Тілім-өлшеусіз қазына,өрісі кең әлем атты ашық тәрбие сағатын 8 сынып жетекшісі А.Чотбай өз сыныбымен өткізді. Мақсаты:Оқушыларды туған тілімізді құрметтеуге баулу. Баланың сөулеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту.Ана- тілім ардағым атты ашық сабақ өткізді.
6 сынып жетекшісі А, Құмарбаева « Animals» атты сыныптан тыс сабақ көрсетті. А. Еркімбек, Р.Касенованың уйымдастыруымен «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кеш өткізді. Тілдер мерекесінің жабылуын 5,9 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Өткізген іс-шаралардың бәрі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге,өз елінің патриоттарын тәрбиелеуге бағытталды. Тілдер он күндігінің қортындысын шығарып,белсенді қатысқан оқушылырды мақтау қағаздарымен марапатталды
Оқушылардың ұлттық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында «Ш.Уәлиханов» музейіне виртуалды саяхат 5-8 сыныптармен тарих пәнінің мұғалімі С.Далабаев ұйымдастырды. Мақсаты : Оқушылардың білімдерін арттыру, толық мәлімет алу. Д.Серік сынып кабинетінде Ш.Уәлиханов музейіне слайд көрсету арқылы саяхат ұйымдастырып жүргізді. Жалпы іс шара барысында барлық оқушылар қызуғышықпен тамашалады. Сұрақтарын қойып , жауаптарын алды. Іс шара жақсы денгейде ұйымдастырылды.
«Діни экстремизмнің алдын алу» 10 сыныптар, арасында жұмыстары тарих пәнінің мұғалімі С.Далабаев пен Н.Абдрахманованың жетекшілігімен ұйымдастырылуда. 9-11 сыныптар бойынша «Терроризм мен экстремизм - ғасыр қауіпі» тақырыптарында АӘД пәні мұғалімі мен сынып сағаттар өткізіледі.
«Мәңгілік Елдің - жеті құндылықтары» 8-сыныптар, арасында сынып жетекшілердің ұйымдастырылды.
1-Наурыз 2022 оқу жылы «Алғыс айту күні» тақырыбында Ұстаз ұйымдастырушы Д.Серік пен сынып жетекшілері және жас мамандардың ұйымдастырумен іс-шара өтті. Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейлілікке, ізеттілікке тәрбиелеу Мерекелік шара барысында мектеп директоры алғыс айту күніне құттықтады.Оқушылар тарапынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/tv/CajpTb0KgPY/?igshid=MDJmNzVkMjY=


«Ұлттық құндылықтар» 7-8 сыныптар сынып жетекшілер ұйымдастырылды.
Қорытынды: Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жоспарға сай шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық қасиеттер қалыптасты.
Ұсыныс: Ұлттық тәрбие бағытында жұмыстарды жандандыру.

Отбасы тәрбие бағыты.
Мақсаты: Отбасы дәстүрін сақтай білуге, ата-анасын, үлкенді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Мектепішілік жоспарға сай 18 қараша күні 2021 ж Мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Тақырыбы: 2021-2022 оқу жылының 1- тоқсан қорытындысы Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1. 1- тоқсан қорытындысы ДОІЖО Л.Нуржигитова 2. «Кибербуллингтің алдын алу» кеңестер мектеп психологі З.Хаджиева. 3. « Бала қауіпсіздігі » туралы ұстаз ұйымдастырушы Д.Серік. 5. Вакцинация детей 12-17 лет фельдшер сельской амбулатории А. Нуримова. Жиналыс барысында барлық санитарлық талаптар сақталынды келесі шешім шығарылды. 1. 1- тоқсан қорытындысына қанағаттанарлық баға берілсін, және жоғарыда айтылған мәселелер пән мұғалімдерінің назарында болсын. Мектеп әкімшілігінің қадағалауына алынсын. 2. «Кибербуллингтің алдын алу» кеңестері назарда болсын. 3. «Бала қауіпсіздігі» үнемі ата-аналар мен мұғалімдердің назарда болып, балалар кәуіпсіздік ережелерін сақтасын. 4. «О вреде электронных сигарет» баяндамада айтылған мәселе үнемі ата-аналар мен мұғалімдердің тараптарынан қадағалансын. 5. Жасөспірімдердің 12-17 жас аралығында вакцинациалау жұмысы ата-аналардың келісімімен, медицина қызметкерлерінің тарапынан жүргізілсін.27 қаңтар 2022 оқу жылы кезектен тыс ата –аналар жиналысы ұйымдастырылды. Қатысқандар: Кербұлақ аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Сейтқожаев, Кербұлақ аудан әкімінің орынбасары Е.Досалбаев, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы КММ директоры К.Абдрахманов. Қатысқан ата-аналар саны: 38.Тақырыбы: 12-18 жас аралығында жасөспірімдердің ата –аналарымен «Pfrizer» екпесін алу туралы. Күн тәртібінде: «Қарымсақ орта мектебінде 12-18 жас аралығында жасөспірімдердің ата –аналарымен «Pfrizer» екпесін алу бойынша түсіндірме жұмыстары туралы. Жиналыс барысында барлық санитарлық талаптар сақталынды. Жиналысты мектеп директоры Балгимбаева Галия Ысқаққызы ашып кәзіргі таңда елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты короновирус, омикрон вирустарының күшейіп тез тарап жатқанына байланысты бүгін сіздермен Кербұлақ аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Сейтқожаев, Кербұлақ аудандық әкімінің орынбасары Е.Досалбаев және Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы КММ директоры К.Абдрахманов түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келесі шешім шығарды. 1. «Қарымсақ орта мектеп» КММ 12-18 жас аралығында жасөспірімдердің ата –аналарымен «Pfrizer» екпесін алу бойынша түсіндірме жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелінсін. 2.Ата –аналар өз балаларына екпені салдыру бойынша жұмыстарды қолға алып жеделдетсін. Қазіргі таңда 12-18 жас аралығында метепте 42 оқушы, 6 оқушы вакцина алмады, ата аналарының келіспеуінен.
https://www.instagram.com/p/CWGDZQ8q9XI/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Cb97-8Zqj8N/?igshid=MDJmNzVkMjY=

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2021 жылы 15 қыркүйек күні мектебімізде «Менің отбасым менің қуанышым» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру. Мектебіміздің ата-аналары сынып сағаттарына қатысып, өз үлестерін қосты. 3-5 сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сурет, фотосуреттер көрмесі «Өзін өзі басқару» ұйымының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Мақсаты: Бала тәрбиесіңдегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, бала алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенің түсіндіру.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/CTrAsIAqH_e/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мектеп психологі З.Хаджиеваның ұйымдастыруымен «Қауіпсіз интернет » тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен бірлесе отырып кеңес сұхбат ұйымдастырылып, әр түрлі треннингтерін жүргізді. Кезектен тыс ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Қаралған мәселелер Бала қауіпсіздігі, жолда жүру қауіпсіздігі, жазғы демалыстың ұйымдастырылуы.UNT дайындығы. ДОІЖО А.Аакимкожанов сөз сөйлеп UNT дайындық жұмысымен таныстырды.
Қорытынды: Отбасы тәрбиесіне байланысты жоспарға сай ата-ана-аналар жиналыстары, шаралар, өз деңгейінде өтті
Ұсыныс: Болашақта да ата-аналармен жұмысты одан әрі жандандыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі бағыты білім алушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту мақсаттарында тәрбие жоспарлары құрылып, оларды еңбекке икемділігін қалыптастыру, дағдыландыру, шығармашылыққа, табиғат пен қарым-қатынастың дамуын қалыптастыру аясында «Жасыл ел» экологиялық қозғалыс ұйымдастырылып, іс-шара жоспарлары бекітілген. Бірақ, бұл экологиялық қозғалыстың жұмысы сенбіліктер мен көктемгі, күзгі тазалау науқаны кезінде ғана көрінеді. Бұл бағыттағы іс-шараларды басқа арнада, басқа бағытта жоспарлай отырып, қосымша білім беру арқылы жүзеге асыру керектігі айқын. «Қауіпсіз –автобус»,Қауіпсіз мектеп» 1-11 сыныптар бойынша ережелер таныстырылып қолдары қойылды. Каникул кезіндегі қауіпсіздік инструктаждары 1-11 сынып жетекшілер өткізеді, ережелермен таныстырады. Жалпы бала қауіпсіздігін алдын алу бойынша мектепте 9 камера бар 1- бейнебақылау қысқа мерзімді шағын орталығында жұмыс жасап тұр, қалған 1 бейнебақылау істен шыққан.
«Семей ядролық полигонның жабылуына -30 жыл» тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында сынып жетекшілер сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізді. Семей ядролық полигонның зардаптарын, адам баласына келдірген зияндығын, сол полигонның жабылуына себепкер, көптеген еңбекті, қажырлы қайратты жұмсаған ақын, жазушымыз Олжас Сулейменовтың еңбегі туралы айтып, оқушыларға көптеген мағлұматтар берілді.
Экологияның таза, ластабауы адамзаттың қолында екендігін еш ұмытпауымыз керектігін біліп мектеп түлектері мектеп ауласына көпжылдық. Бір жылдық гүлдер сыйлап, отырғызып берді.
Қорытынды: Атқарылған іс-шаралар жақсы денгейде ұйымдастырылды.
Ұсыныс: волонтерлік көмекті көбірек тарту
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жобасын ұйымдастыру 7-10 сынып арасында ДТІЖО Л.Нуржигитова мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Еркімбек ұйымдастырды. « Алаш » дебат клубының құрамы мен жоспары бекітілді. Аудан бойынша ZOOM мен өткен дебаттарға белсене қатысып отырдық. Мектептің білім алушылардың қызығушылығы бар, клубтың жұмысын жандандыру бүгінгі күннің талабы екені сөзсіз екені байқалды. Дебаттық ойындарды әрбір сыныптарда ұйымдастырып, қолға алатын болсақ, сыни ойлайын, өз ойын ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде алатын орны зор екендігі байқалды. Клуб қай бағытта жұмыс жасау керектігін түсінді және қандай жүйеде, әрбір қатысушы өз міндеттерін біліп, сол бағытта, қарсылас топпен мәдени ашық түрде диалогқа түсе отырып, төреші қызметінің бағытын мен бағалау критерийлеріне сай көзқарас қалыптастыруды үйренді. Болашақта клуб мүшелерінің жаңарта отырып, ізбасарлар дайындауды қолға алу керек.
https://www.instagram.com/p/Cb9zKJFq4cb/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қорыта келгенде, әрбір азамат құқықтық сауатты, бойында патриоттық, азаматтық рух қалыптастыру аясындағы сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар көбірек жоспарланып, өтілуі керек.
Кибер қауіпсіздік, кибер гигиена, кибер мәдениет тақырыбында ДТІЖО Л.Нуржигитова мен педагог ұйымдастырушы Д.Серіктің ұйымдастырды. 2 - сынып оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ» https://www.instagram.com/p/CcFX3i0qIDR/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CcNTez-qai2/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қорытынды: жоспарланған іс шаралар жақсы денгейде өтті.
Ұсыныс: Дайындықты күшейтіп облыстық денгейде ат салысу
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты.
Мақсаты:«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»алдын алу жоспары бойынша іс шаралар өз денгейінде жүргізуде.
«Ұстаздарға мың алғыс!» ұстаздар күніне концерттік іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілінді. Мектеп оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/p/CUrsXjWoH-0/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қош келдің, жаңа жыл» тақырыбында 1-11 сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Санитарлық талап сақталды.
«Мұндай мамандық бар» 9-10 сыныптар арасында, ДТІЖО мен педагог ұйымдастырушы Д.Серіктің ұйымдастыруымен өтті.
«Сыңғырла соңғы қоңырау!» жоспарға сай соңғы қоңырау салтанатты жиыны Қазақстан Республикалық Туы кіргізіліп ГИМН орындалды. Құттықтау сөздер мектеп директоры Балгимбаева Галия Ысқаққызы, Кербұлақ аудандық жер кадастр бөлімінің басшысы, осыдан 55 жыл бұрын бітіріп осы мектепті бітіріп кеткен қазіргі уақытта облыста түрлі қызметте басшылық еткен Муканов Серік Мейірханұлы сыныптастарымен қатысы, биылғы мектеп түлектеріне жүрек жарды тілектерін айтты. қатысып. Ата-аналар, сынып жетекшілерге берілді. Соңғы қоңырау мерекесінде 1 сынып оқушылары 11 сынып оқушыларына өлең, жырларын арнады. 11 сынып оқушылары, мектеп түлектері ерекше толқып мектеп, ұстаздарына ән арнап,соңғы вальстарын биледі.. Жиынның соңында Қазақстан Республикасының Туы шығарылып 11 сынып оқушыларына сәт сапар тілектері айтылды. Түлектер тарапынан бірінші сынып оқушыларына оқу құралдарын сыйға тартылды.«Мектепке сый » акциялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 16 көшет гүл егіліп, мектепке сыйға тартылды. Соңғы қоңырауға кезешілік бекітілді.
https://www.instagram.com/p/Cefg-Tvq8Lh/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Қорытынды:Өткізген іс шаралар өз денгейінде өтті.
Ұсыныс:Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты Мектеп оқушылары арасында есірткі мен басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау мақсатында «Салауатты өмір салтын» насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. « Берегите печень, или что мы знаем о вирусном гепатите А», «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыптарында таныстырылымдар жасалып, білім алушыларға түсіндірілді. «Денсаулық зор байлық» плакаттар байқауы, 1-желтоқсан дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған плакаттар, суреттер көрмесі ұйымдастырылып өткізілді, «Мен спортты таңдаймын» эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. бұл бағыт бойынша іс-шаралар қосымша білім беру арқылы жүзеге асырылды.Қорыта келе, мектепте, ауданда өтілген іс-шаралар қорытындылары марапаттаумен ғана шектелуде, спорттық ойындардың жеңімпаздарын дәріптеу жағы жетіспей жатады. Наурыз айында СПИДтің алдын алу, темекінің зияны, ішімдіктің зияны тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен мектеп психологі мен мектептің әлеуметтік педагогы оқушыларға осы жоғарыда аталған тақырыптағы сұрақтарға әңгіме, түсініктеме жұмыстарын жүргізді. «Нашақорлық- қоғамдық дерті» тақырыбында сынып жетекшілер кеңес сабақ өткізді. «Ұлттық спорт ойындары» дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері тарапынан жүргізілді. Мектепте спорт залдың жоқтығынан аудандық жарыстарға қатысады, нәтижесі болMay тұр, аймақтық жарыстарда нәтижеге жетіп, орындарға ие болып отырды.
Қорытынды: салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс шаралар жақсы денгейде өтті.
https://www.instagram.com/p/CbMPlnOqfbC/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CbMNxKcKa5V/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Ұсыныс: Келесі оқу жылы аудандық денгейде спорттық іс шаралар ұйымдастырылып өткізу ұсынылады
Жалпыға білім беру қоры ҚР Конституциясының 30 бабы, ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №812 Қаулысын, ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру, мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану және денсаулығын сақтау мақсатында, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру іс-шараларының жоспары құрылып, комиссия құрамы нақтыланды. Жалпыға бірдей оқумен қамту қорының қаржыландыру есебінен қыркүйек айында 25 білім алушы , қаңтар айынан бастап 15 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды. Мектеп бойынша қоғамдық тамақтың сапасын тексеру комиссиясы мен сынып жетекшілердің тамақ беру кезіндегі кезекшілік кестесі құрылып, кезекшілік 1-4 сыныптар бойынша жүргізіледі.
Қорытынды: Жалпыға бірдей білім беру қорының қадағалау жұмысы ұйымдастырылды.
Ұсыныс: Толық емес отбасы балаларына демеуші тарапынан көмек ұйымдастыру
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы
І. Сынып жетекшілер
Мектепте сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс жасайды. Бірлестік құрамына 2021-2022 оқу жылында 14 жетекші кірді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже» басшылыққа алына отырып, барлық сынып жетекшілердің ережесі таныстырылып, сынып жетекшілер тағайындалды.




Сынып жетекшілердің сапалық құрамына талдау


Оқу жылы Барлы-ғы Жоғары білімді Арнаулы орта Санаты бойынша
жоғары І санат ІІ санат Санат-сыз П-зерт П-сарап П-модер
2021-2022 13 12 1 0 2 0 6 0 3 2

Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен жүргізілді. Сынып жетекші бірлестігі отырысында сынып жетекші жұмысының негізгі бағыттарын, сыныпта жүргізілетін тәрбие әдістерін, сыныптан тыс жұмыстардың формаларын бір жүйеге келтіру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, сынып жетекшілері жұмыстарының жүйелігі қалыптасып, оқушылармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізіледі. Мақсат пен міндетке жетудегі атқарылатын жұмыстарымызды, одан күтілетін нәтижелерді сыни тұрғысынан ойлау негізінде жүзеге асыратынымызды айқын түрде түсіндік.
Тәрбие жоспары бойынша мектепішілік іс-шаралар, жоспарланған сынып сағаттар , үлгілі тәрбие сағаттары, кезектен тыс іс шаралар өткізілді. Сынып жетекшінің білім алушымен қарым-қатынасқа түсе білуі, өткізілетін сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарының тақырыбының ашылуы мен мұғалімнің алдына қойған мақсатына жетуі үшін білімділікті, ізденімпаздықты, үлкен шеберлікті пен тәжірибені қажет етеді. Осы орайда айтып кететініміз сынып жетекшілер курстарға көбірек тартылса, себебі курста үйренері көп деп есептейміз. Тәжірибемен алмасады, өздеріне де көп әдістемелік көмек алады.
Қорытынды:Сынып бірлестігінің жұмысы қанағаттанарлық өз денгейінді өтті.
Ұсыныс: Сынып жетекшілерге екі тілді (қазақ және орыс )тілдерінде сынып жетекшілер курстары ұйымдастырылса.

Тәрбие саласының білім алушылардың жетістіктері:

№ ФИО Жетістігі Жетекшілері

1 Далабаева Алия Аудандық «Абайтану» олимпиадасында 1орын А. Еркімбек
2 Сәбен Ботагөз
Аудандық Мағжан Жұмабаев оқуларының 2 орын иеленді А. Еркімбек
3 Жолтай Мәншүк
Малайсары орта мектебінде орналасқан ресурстық орталықта өткізілген «Интеллектуалдық ойын - 2022» ойында бас жүлде.
«Ресурс аруы -2022» атты байқауда 1орын иеленді Л.Нуржигитова


Ж.Шерниязова

4. Қасымбай Айқын « Ресурс сұлтаны - 2022» байқауда Жас жүлдені иеленде.

Аудандық шахматтан 3 - орын иеленді Л.Нуржигитова
Ж.Шерниязова

Д.Абдрахманов

5. Касаболат Мадина Округ әкімінің мадақтамасымен марапатталды «Best ойыншы» воллейболдан Д.Абдрахманов

6. Чотбай Динара Округ әкімінің мадақтамасымен марапатталды «Best ойыншы» воллейболдан Д.Абдрахманов

7. Кенжебек Рахман Аудандық шахматтан үздік ойын көрсеткен үшін «Мадақтама» Д.Абдрахманов
8. Кенжебек Аяна Аудандық шахматтан үздік ойын көрсеткен үшін «Мадақтама» Д.Абдрахманов
9. Тыныбек Тынышбек Шаңғы тебуден аудандық спартаеиадада белсене қатысқаны үшін «Мадақтам» А.Мұратбек
10. Ажибек Алинур Еркін күрестен 2 орын облыстық турнир Қ. Ипанов
11. Серякова Диана Еркін күрестен 3 орын облыстық турнир Қ. Ипанов

Тәрбие саласының ұстаздардың жетістіктері:

№ ФИО Жетістігі Мамамандығы

1 Балгимбаева Галия Искаковна
2 Баймолдаев Ермек Серікович Almaty regionның білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, иалғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірбиелік орталығының «Құрмет грамотасы» АӘД пәнінің мұғалімі
3. Хаджиева Зезаг Мухамедовна Аудандық «Құрмет грамотасы» марапатталды
Облыстық «Әдістемелік сандықша» байқауына қатысқаны үшін «Алғыс хат» марапатталды. Мектеп психологі
4. Болат Жанар Талғатқызы Аудандық «Жыл мұғалімі – 2022 » байқауында 3 орын «Мадақтама» марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі













Тәрбие саласының жетістіктері:

№ Мектеп Жетістігі Мамамандығы

1 «Қарымсақ орта мектебі» КММ «Полицияның жас көмекшілері – 2022» аудандық байқауында саптық дайындықтан 2 орын иеленді
АӘД пәнінің мұғалімі
Е. Баймолдаев

2. «Қарымсақ орта мектебі» КММ «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының аудандық слетіне белсене қатысып «Мен өз елімнің патриотымын!» аттты сурет байқауында «Мадақтама» марапатталды. Педагог – ұйымдастырушы
Д.Серік
3. «Қарымсақ орта мектебі» КММ «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының аудандық слетіне белсене қатысып «Мен өз елімнің патриотымын!» атты авторлық әндер байқауында 3 орын алған, «Мадақтама» марапатталды Педагог – ұйымдастырушы Д.Серік
4. «Қарымсақ орта мектебі» КММ Этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тіл мәдениетін көтеру мақстанда ұйымдастырылған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты аудандық зияткерлік ойынында 1 орын «Диплом» марапатталды. Педагог – психолог З.Хаджиева

SWOT талдауы
Күшті жағы:
- Тәрбиеннің жылдық жоспарының мектептің даму жоспарының негізінде күтілетін нәтижеге бағытталуы;
- Тәрбиене жұмысындағы 8 саланың белгілі бағытта жұмысты ұйымдастыруы;
-Әр сала бойынша жоспарланған іс-шаралардың мақсат, міндеттерінің нақтылығы, күтілетін нәтиженің айқындығы;
-Өзін-өзі басқару ұйымының тұрақты жұмыс істеуі;
-«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымының жұмысының тұрақты және жүйелі болуы;
-«Адал ұрпақ» , «Жас құтқарушы», «Полицияның жас достары» ұйымдары жұмысының тұрақты және жүйелі болуы;
-Білім алушылар мен сынып жетекші арасында ынтымақтастықтың орнауы, психологиялық ахуалдың дұрыстығы;
- Облыстық, аудандық деңгейдегі білім алушылар арасындағы көрмелер мен байқауларға қатысуының қамтамасыз етілуі;
-Қоғамдық орындар және ата-аналармен қарым-қатынастың бар болуы;
-Атқарылған жұмыстардың ғаламтор беттеріне үнемі жариялануы;
-Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баса назардың аударылуы.


Әлсіз жағы:
-Барлық білім алушылардың қоғамдық жұмыстарға тартылуының әлсіздігі;
-Барлық білім алушылардың қоғамдық мүлікке немқұрайлы қарауы;
-Білім алушыларда оқушы күнделігінің жүргізілуінің әлсіздігі;
-Білім алушылардың мектеп ережесіне қайшы әрекеттерінің (теллефон ұстауы, кешкі жүрісте болуы т.б) кездесіп қалуы.
-Білім алушы тарапынан баспа материалдарының берілу деңгейінің төмендігі.
Мүмкіндігі:
-Білім алушыларды қоғамдық жұмыстарға көбірек тартуды ұйымдастыру;
-Білім алушылардың оқушы күнделігінің ұқыпты жүргізілуіне сынып жетекшілерінің ықпал ету мүмкіндігінің болуы;
-Білім алушылардың мектеп ережесіне қайшы әрекеттерге бой алдырмаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
-Білім алушы тарапынан баспа материалдарына жариялауға пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің ықпал ету мүмкіндігінің болуы.
-Білім алушылардың АКТ құзіреттілігін, робототехниканы білу мүмкіндігін кеңейту;
- Тәрбие сағаттарында отбасы тәрбиесі негізінде баланы жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелей отырып, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жалғастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыру мүмкіндігі.
-Білім алушылар өз білімдерін өмірде қолдану мүмкіндіктерін дамыту;
-Білім алушылардың бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін дамыту.
Қауіпі:
-Білім алушылардың бәсекеге қабілетті болуға бейімделе алмауы;
-Білім алушылардың арасында әлімжеттікке өзге де жат әрекеттерге жол берілу;
-Бос уақытын тиімді пайдалана алMayтын, өз бетімен білім алуға қызығушылығы төмен білім алушылардың болуы;
-жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен тосын жағдайлардың орын алуына қатысы бар әрекеттерден сақтануға ықпал ету.
SMART МАҚСАТТАР:
1. Білім алушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыру.
2. Білім алушы шығармашылығын дамыту, құзіреттілік деңгейін көтеру;
3. Білім алушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру бағытындағы жұмыстарды дамыта отырып жалғастыру, республика деңгейіне шығару.
4. Тәрбие сағаттарында отбасы тәрбиесі негізінде баланы жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелеу.
5. Білім алушы, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жалғастыру.
6. Өзін-өзі басқару, «Жас Ұлан, «Жас қыран» балалар ұйымының, «Адал Ұрпақ», «Ұлдар кеңесі» ұйымдарының жұмыстарын жүйелі жалғастыру.
7. Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына, қосымша үйірмелерге қатысуына ықпал ету.


Дайындаған: Л. Нуржигитова



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив